homepage
Фото: olympic.kz

Алматының Орталық стадионы УЕФА талабына сай дайындалды

05.09.2025, 09:42

Алматыдағы Орталық стадион футболдан халықаралық деңгейдегі ойындарды қабылдауға толық дайын деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін стадионда сынға іліккен ескі дәретханалар мен сынып қалған орындықтар мәселесі бақылауға алынды. Әр матчтан кейін сынған креслолар ауыстырылып, қазір олардың басым бөлігі жаңартылды. Санитарлық тораптарда тек косметикалық жөндеумен шектелмей, енді толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы ойынға дейін барлық абаттандыру шаралары аяқталып, қауіпсіздік пен тазалық күшейтіледі. Стадион халықаралық жарыстарды ең жоғарғы деңгейде өткізуге сай жағдайға жеткізілмек.