Бүгін елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жаууы, солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс өңірлерде бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланғанын мәлімдеді. Ведомство тұрғындарды далада от жақпауға, ашық жерде темекі тартпауға және қураған шөп пен ағаштардың жанында от пайдаланбауға шақырды.
Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.