homepage
Фото: Inbusiness.kz

Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

04.09.2025, 09:40

4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасының барлық өкілдері қай қарсыластарымен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

 

Қазақстан құрамасының боксшыларының әлем чемпионатындағы қарсыластары:

50 келі – Санжар Тәшкенбай: 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

55 келі – Махмұд Сабырхан: 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.

60 келі – Бейбарыс Жексен: 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) арасындағы жекпе-жектің мықтысымен кездеседі.

65 келі – Ертуған Зейнуллинов: 1/16 финалда француз Хуго Граумен айқасады. Бұған дейін олар Астанадағы Әлем кубогында кездесіп, Ертуған жеңген.

70 келі – Төрехан Сабырхан: 1/16 финалда алжирлік Яче Юсуф Исламға қарсы тұрады. 1/8 финалда Үндістан боксшысы Хитеш Хитешпен жолығуы мүмкін.

75 келі – Сабыржан Аққалықов: 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

80 келі – Нұрбек Оралбай: 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) арасындағы айқастың мықтысымен жұдырықтасады. Финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы) және кубалық боксшымен жолығуы ықтимал.

85 келі – Бекзад Нұрдәулетов: 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

90 келі – Сағындық Тоғамбай: 1/16 финалда Айзек Око (Ұлыбритания) қарсылас болады.

+90 келі – Айбек Оралбай: 1/8 финалда Илияс (Түркия) – Исламов (Түркіменстан) арасындағы жұптың жеңімпазымен айқасады.