homepage
Фото: КазТАГ

Жомарт Ертаев амнистия бойынша бостандыққа шықты

03.09.2025, 15:44

Bank RBK-дан миллиардтаған қаржы жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан амнистия негізінде босатылды деп хабарлайды Juzmedia.kz ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

КУИС мәліметінше, шешімді сот қабылдаған. Қазір Ертаев пробация қызметінің есебіне қойылды және аталған орган оның әрі қарайғы іс-әрекетін бақыламақ.

Еске салайық, 2020 жылы Ертаев Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған. Кейін Qazaq Banki мен Еуразиялық банктен қаржы шығару ісі бойынша да айыпталып, банктерге ондаған миллиард теңгені қайтару міндеттелді.

2021 жылы оның жазасы 9 жылға қысқарғанымен, енді ол амнистия аясында еркіндікке шықты.