Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалтқан әпкесін полицейлердің көмегімен тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үштөбеде учаскелік инспекторлар Айбек Қази мен Талғат Есқожанов тұрғынның өтінішіне бірден үн қатып, іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде бауырлар қайта табысты.
Әйел полицияның қолдауына алғыс айтып, туыстық байланысын қайта жалғауға көмектескендері үшін ризашылығын білдірді.