homepage
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі марихуана тәркіленді

03.09.2025, 12:14

Ақтөбе облысында полицейлер ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 56 келі болатын марихуана тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәртөк ауданында өткен "Қарасора" және "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шаралары барысында күдіктінің үй ауласынан 148 түп өсімдік табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ үй ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған шелек алынды. Сараптама оның есірткі заты екенін растады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.