АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше күн бойы жария шараларға шықпаған соң әлеуметтік желіде оның денсаулығына қатысты түрлі әңгімелер тараған. Алайда ол мұндай қауесеттерді «жалған жаңалық» деп жоққа шығарды деп хабарлайды Juzmedia.kz Ассошиэйтед Пресске сілтеме жасап.
79 жастағы Трамп өзін бұрынғыдан да жақсы сезінетінін айтып, демалыс күндері гольф ойнағанын және Truth Social желісінде белсенді болғанын жеткізді.
Ол жария шараға шықпаған күндері де сұхбаттар беріп, әлеуметтік желіде жазбалар қалдырғанын атап өтті.
Ақ үй баспасөз қызметі президенттің аяқтарындағы ісіну созылмалы веноздық жеткіліксіздікке байланысты екенін түсіндірді. Ал қолындағы көгерулер жиі қол алысып амандасудан және тұрақты түрде қабылдайтын аспириннің әсерінен пайда болғанын мәлімдеді.