homepage
Фото: baq.kz/Көрнекі сурет

Жетісу облысында мүгедектігі бар тұрғындарға көлік салығын төлеткен

03.09.2025, 09:18

Жетісу облысының Талдықорған қалалық прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының 48 мүгедектігі бар азаматқа көлік салығын төлеу туралы хабарлама жібергенін анықтады. Салық кодексіне сәйкес, мұндай азаматтар көлік салығын төлеушілер қатарына жатпайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде барлық есептеулердің күші жойылды. Нәтижесінде 1,3 млн теңгеден асатын сома кері қайтарылып, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары қалпына келтірілді.

Құзырлы орган алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызметін бақылауды жалғастыратынын жеткізді.