homepage
Фото: Криминальный Казахстан

Қарағанды облысында полицей әріптесін абайсызда атып өлтірді

02.09.2025, 17:10

31 тамызда Қарағанды облысы, Топар кентіндегі ГРЭС бекетінде полицияның кіші сержанты табельдік қарудан оқ атып, әріптесін басынан жаралап, оның өліміне себеп болды деп хабарлайды Juzmedia.kz Криминальный Казахстан телеграм каналына сілтеме жасап.

Қаза тапқан және оқ атқан екі қызметкер де ішкі істер органдарында бір жылдан аз уақыт істеген. Олар Жезқазған қаласы бойынша ІІМ-нің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының екінші батальонында қызмет атқарған.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.