homepage
Фото: egemen.kz

Қытайдан қымбат жүк көліктерін заңсыз әкелгендер әшкереленді

02.09.2025, 16:01

Қадағалау органы Қытайда өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк автомобильдерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасын әшкереледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр. Қазір кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу органдары бұл арнаның толық тетігін анықтап, жауаптыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.