Ұлттық банктің мәліметінше, тамызда Ұлттық қордан 420 млн АҚШ доллары сатылып, бұл күн сайын шамамен 20 млн долларға тең болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тамыз қорытындысы бойынша теңге бағамы 0,4%-ке нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 538,60 теңге болды. Қазақстан қор биржасындағы орташа айлық сауда көлемі 260 млн доллардан 217 млн долларға дейін азайып, жалпы көлем 4,6 млрд долларды құрады.
Ұлттық банк қыркүйек айында да Ұлттық қордан 400–500 млн доллар аралығында валюта сатылатынын болжады. Сондай-ақ «айналау» операциясы аясында 290 млрд теңге көлемінде валюта сату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Ұлттық банк теңге бағамы алдағы уақытта салық төлемдері, әлемдік нарықтағы жағдай және геосаяси өзгерістерге байланысты болатынын атап өтті.