Қазақстандықтар жазда ақылы жолдармен 24 миллионнан астам сапар жасады. Мұндай өсім ішкі туризмнің дамуы мен инфрақұрылымдық жобалардың аяқталуына байланысты, деп хабарлайды Juzmedia.kz Қазавтожолға сілтеме жасап.
Ең танымал бағыттар:
Алматы – Қонаев – Талдықорған – 5,4 млн сапар
Шымкент – Тараз – Қайнар – 5,1 млн
Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 2,66 млн
Астана – Теміртау – 1,44 млн
Астана – Щучинск – 1,36 млн
Алматы – Хоргос – 696 мың
Қостанай – Денисовка – 843 мың
Қостанай – Ресей шекарасы – 700 мыңнан астам
Павлодар – Семей – Қалбатау – 448 мың
Соңғы жылдары ірі автомагистральдардың іске қосылуы Каспий теңізіне, Жетісуға, Алтайға және орталық өңірлерге кедергісіз жетуге мүмкіндік беріп, автотуризмді жаңа деңгейге шығарды.