1 қыркүйектен бастап Мәскеу мен Мәскеу облысында Қазақстанды қоса алғанда, тоғыз елдің еңбек мигранттары ресейлік билікке геолокация деректерін беруге міндеттелді деп хабарлайды Juzmedia.kz ordakazakhstan парақшасына сілтеме жасап.
Шетелдіктерді «Амина» қосымшасы арқылы қадағалайды. Ол тек тұрғылықты мекенжайды емес, нақты орналасқан жерін көрсетіп отырады.
Егер үш жұмыс күні ішінде геолокация деректері түспесе, мигрант Мәскеудегі көші-қон орталығындағы тіркеуден шығарылады. Бұл өз кезегінде оны Ресей ІІМ-нің «бақыланатын тұлғалар тізіміне» енгізуге негіз болуы мүмкін.
Қосымшаны орнату талабы Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Молдова және Украина азаматтарына да қатысты. Шектеу тек Ресейге жұмыс істеу мақсатымен келген мигранттарға қолданылады.