homepage
Фото: polisia.kz

Астанада полицейлер сегізінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

02.09.2025, 11:42

Астанада учаскелік полиция инспекторлары сегізінші қабаттың балконынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған 35 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Куәгерлер "102" пультіне хабар бергеннен кейін оқиға орнына инспекторлар Сымбат Базаров пен Шыңғыс Исламжанов жеткен. Олар ер адамды әңгімеге тартып, сәтті пайдаланған сәтте Сымбат Базаров оны ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарған.

Зардап шеккен азаматқа медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.