homepage
Фото: gov.kz

ҰҚК тамыз айында 51 сыбайлас жемқорлық дерегін тіркеді

02.09.2025, 13:37

2025 жылғы тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 51 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде пара алу – 17, пара беру – 18 дерек бар деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Комитет сотқа 29 істі жолдаған. Соның ішінде бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша – 9, алаяқтық бойынша – 6, пара алу бойынша – 6, пара беру бойынша – 5 іс жіберілген. Сондай-ақ парақорлыққа делдал болу мен заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау деректері де бар.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған екі азаматқа 730 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.