Жамбыл облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Құттыбаев 29 тамызда қызметінен босатылған, алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
Сот залында бұлтартпау шарасы жарияланғаннан кейін Құттыбаевтың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, конвой күзетінде жатыр.
Сондай-ақ департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полковник Оразалы Құдабаев та пара алды деген күдікпен екі айға қамауға алынған.
Orda.kz дерегі бойынша, полиция департаменті бастығының тағы бір орынбасарына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.