homepage
Фото: inbusiness.kz/Көрнекі сурет

Алматы–Ақтау рейсінде Air Astana ұшағы оқыс жағдайға тап болды

01.09.2025, 14:20

Алматыдан Ақтауға бағыт алған Air Astana KC 859 рейсінде ұшақтың күрт төмендеуіне байланысты салонда дүрбелең болған. Әуеге көтерілген соң жарты сағаттан кейін ұшақ 10 мың метрден 3 мың метрге түскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz ztb.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, сол сәтте жолаушылар арасында үрей күшейіп, адамдар орындарынан тұрып кеткен, ал бортсеріктер оларды орнына қайтаруға тырысқан. Тіпті мәжбүрлі қону туралы хабарлама жасалғаны айтылады.

Әуе компаниясы техникалық ақаудың тіркелгенін растады. Экипаж приоритетті қонуға сұраныс жасап, ұшақ Ақтауға сәтті қонды. Кері рейстің жолаушылары Алматыға басқа бортпен жеткізілді.