«Қазгидромет» мәліметінше, жаңа оқу жылының алғашқы күні елдің өңірлерінде қауіпті ауа райы тіркелмек. Батыста ауа +38 градусқа дейін ысып, өрт қаупі артады, солтүстік пен орталықта жаңбыр, найзағай, қатты жел болып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Шығыста найзағай мен желдің күшеюі күтілсе, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Мамандар тұрғындарға табиғаттың тосын мінезіне дайын болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.
Төтенше жағдайлар министрлігі найзағай мен қатты жел кезінде ғимарат ішінде болуды, жолда барынша мұқият жүруді және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ұсынды.