homepage
Фото: Егемен Қазақстан/Көрнекі сурет

500 мыңнан астам оқушыға мектепке дайындық үшін көмек көрсетілді

31.08.2025, 14:28

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры арқылы ата-аналар мен заңды өкілдердің есепшоттарына 25,3 млрд теңге аударылды. Бұл қаражат мектеп формасы, аяқ киім мен керек-жарақтар сатып алуға бағытталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Биыл бір балаға арналған ең төменгі төлем мөлшері – 46 228 теңге. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда – 55 мың теңге, Жамбыл облысында – 53 117 теңге, Павлодар облысында – 53 663 теңге болып белгіленген. Барлығы 500 мыңнан астам балаға көмек берілді.

Министрліктің дерегінше, 2023 жылдан бері материалдық көмек көлемі 2,5 есеге артқан. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде оқушылар үшін тегін жол жүру қызметі де қолжетімді.