Орта білім беру жүйесінде бүгінде 412 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың 73 пайызы жоғары біліктілік санатына ие деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жыл сайын шамамен 50 мың түлек жоғары оқу орындарынан, 20 мың түлек колледждерден мұғалім мамандығын алып шығады.
Сондай-ақ биыл «Ұстаз» жаңа цифрлық аттестация жүйесі енгізілген. Оқу-ағарту министрлігі осы жүйе арқылы қағазбастылықты жоя аламыз деп мәлімдеді.