homepage
Фото: baq.kz

Қазақстан мектептерінде 4,1 млн бала оқиды

31.08.2025, 12:58

2025–2026 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион оқушы білім алады. Оның ішінде 360 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барады, ал 232 мыңға жуық түлек мектепті тәмамдайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Соңғы жылдары жаңа мектептердің көптеп салынуы үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің санын азайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде елдегі 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда, 5 мыңға жуық мектеп екі ауысымда жұмыс істеп тұр.

2025 жылы да инфрақұрылымды дамыту жалғасады: 267 мың орынға арналған 232 жаңа мектеп салу жоспарланған. Олардың 83-і қыркүйек айында пайдалануға берілмек