Қыркүйектен бастап жыл соңына дейін елдегі барлық балабақшаларда жаңа жүйе енгізіледі. Енді мемлекет қаржыны тікелей мекемеге емес, әр балаға бөледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ата-анаға берілетін қаржы сертификаты арқылы бала қалаған балабақшаға бара алады. Қаражат сол мекемеге түседі.
Министрліктің дерегінше, пилоттық аймақтарда бұл тәсілдің арқасында балабақша кезегі үш есеге қысқарып, бюджеттен 11 млрд теңгеден астам қаржы үнемделген.
Жыл соңына дейін барлық өңірлердегі мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар осы жүйеге көшеді.