homepage

Тоқаев Террорға қарсы қызмет және сыртқы барлау бастықтарын қызметінен босатты

Juzmedia. kz
16.09.2024, 11:49

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨКІМДЕРІМЕН:

  • Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
  • Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Қызметінен айырылғандар - террорға қарсы қызметті басқарған Руслан Сейсембаев және сыртқы барлау қызметінің директоры болып жұмыс істеген Асқар Әмірханов. Екеуі де 2023 жылдың сәуірінде ҰҚК төрағасының орынбасары болды. Олардың кету себебі аталмаған.    

ОЛАР ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Руслан Сейсембаев Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметін 1997 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап әртүрлі бөлімдерді басқарды. Қаңтардағы оқиғалардан бір жыл бұрын ол Президенттен генерал-майор атағын алды.    

Асқар Әмірханов мансабын 1995 жылы бастаған, сондай-ақ басшылық лауазымдарда болған.    
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.