Қазақстанда 25 жыл бұрын сатылып кеткен қыз туған анасын тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл оқиға жайлы журналист Лейла Онлаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, 2000 жылы Оралда дүниеге келген ата-анасына сәбидің шетінеп кеткені айтылған. Алайда нәрестені жасырын түрде сатып жіберген.
Асырап алған отбасы қызға шындықты өзі айтып, туған анасын табуға көмектескен.
Сонымен бірге осы істің астарынан басқа дерек шықты: жаңа туған сәбилерді сату фактісіне байланысты үш дәрігерге қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Желі белсенділері мұндай қылмыстардың артында әдетте жеке адамдар емес, тұтас схемалар тұратынын айтады.