Вашингтондағы федералдық сот Дональд Трамп әкімшілігінің мигранттарды тез елден шығару саясатын заңсыз деп тапты. Судьяның айтуынша, бұл ереже адамдардың конституциялық құқығын бұзады деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Қаңтарда қабылданған ережеге сәйкес, елдің кез келген жерінде ұсталған және АҚШ-та екі жылдан аз тұрған шетелдіктер сотсыз-ақ депортациялануы мүмкін еді. Судья Цзя Кобб бұл тәсіл әділетсіз екенін, адамдардың құқығы сақталмайтынын айтты. Оның сөзінше, «жылдамдықты ғана ойлау көптеген жазықсыз адамның елден қуылуына әкелуі мүмкін».
Трамп әкімшілігі шешімге шағымдануды көздеп отыр. Ішкі қауіпсіздік министрлігі болса, сот президенттің қылмыскерлерге қарсы өкілеттігін елемей отыр деп мәлімдеді. Ал осы айдың басында да сот Трамптың жүздеген мың мигрантты жеделдеп елден шығару жоспарын бұғаттаған еді.