homepage
Фото: egemen.kz/көрнекі сурет

Қазақ армиясына бөлінген қаражатты жымқырған шенеуніктер сотталды

29.08.2025, 18:52

Астана соты «Казспецэкспорт» кәсіпорнының бас директоры мен департамент жетекшісін ірі көлемде қаражат жымқыру ісі бойынша 10 жылдан аса мерзімге соттады. Бұл іс бойынша барлығы 11 адамға үкім шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласында қаражат жымқыру дерегі бойынша істі аяқтады.

Тергеу дерегінше, «Казспецэкспорт» РМК-ның бас директоры Рамазанов А.К. пен департамент директоры Кудабаев А.Т. әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған.

Сот үкімімен Рамазанов 11 жылға, Кудабаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған 9 айыпталушы да әртүрлі мерзімге сотталды.

Сонымен қатар, сот мемлекет пайдасына 1,6 млрд теңге көлеміндегі талап-арызды қанағаттандырып, жалпы құны 607 млн теңге болатын мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.