homepage
Фото: REUTERS/Benoit Tessier

Германия, Франция және Испания жаңа жойғыш ұшақ жасап шықпақ

29.08.2025, 12:28

Германия, Франция және Испания қазан айында FCAS жойғыш ұшағын жасап шығаруды талқылайды. Жыл соңына дейін түпкілікті шешім қабылдануы тиіс деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Құны 100 млрд еуродан асатын бұл бағдарлама 2040 жылдан бастап Францияның Rafale және Германия мен Испанияның Eurofighter ұшақтарын алмастыруға бағытталған.

Жобаға Dassault Aviation, Airbus және Indra компаниялары қатысып отыр. Алайда Франция 80 пайыз үлес беруді талап етіп, жобаның жалғасуына кедергі келтіріп отыр деген ақпарат бар.

Германия қорғаныс министрі Борис Писториус кездесуде негізгі кедергілерді анықтап, шешімін табу қажеттігін айтты. Испания да FCAS жобасына толықтай берілгенін мәлімдеді.

Бұған дейін Мадрид америкалық F-35 ұшақтарын сатып алу нұсқасынан бас тартып, тек еуропалық нұсқаларды қарастыратынын хабарлаған.

Германия канцлері Фридрих Мерц пен Франция президенті Эммануэль Макрон жобаның болашағына қатысты соңғы шешім осы жылдың соңына дейін қабылданатынын растады.