homepage
Фото: JUNG YEON-JE/Pool via REUTERS/

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің жұбайы пара алды деп айыпталды

29.08.2025, 11:22

Оңтүстік Кореяның биліктен кеткен бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хи пара алғаны үшін айыпталып, сотқа тартылмақ. Ерлі-зайыпты қазір қамауда отыр: Юн әскери төтенше жағдай енгізуге талпынысы үшін сәуірде биліктен шеттетілген еді деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Кимге акция алаяқтығы мен түрлі ықпалды адамдардан пара алу айыбы тағылды. Ол кінәсі дәлелденсе, бірнеше жылға сотталуы мүмкін.

Бұрынғы бірінші ханым ұзақ жылдар бойы жанжалдармен аты шығып, күйеуінің саяси мансабына да зиян тигізген. Арнайы прокурорлар сонымен бірге бұрынғы премьер-министр Хан Док Суды да Юнға бүлік жариялауға көмектесті деп айыптап отыр.

Айта кетсек, былтыр Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елімізге мемлекеттік сапармен келгенде Ким Кон Хи ханым да бірге келген болатын. Ресми шаралардан кейін ол жұбайымен бірге көрме аралап жүріп, қазақ тазысының алдына жүрелеп отырып қалған сәті фотоға түсіп, көпшілікті сүйсіндірген еді.

Ким Кон Хи / Ақорда баспасөз қызметі