homepage
Фото: Miraflores Palace/Handout/REUTERS

АҚШ пен Венесуэла соғыса ма?

29.08.2025, 10:49

АҚШ Оңтүстік Кариб теңізінде әскерін көбейтіп жатыр. Аймақта жеті соғыс кемесі мен бір ядролық сүңгуір қайық бар, сондай-ақ 4,5 мың әскери қызметкер орналастырылған деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Вашингтон бұл қадамды Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне қарсы күрес үшін жасап жатқанын айтады. Ақ үй есірткі ағынын тоқтату үшін «барлық күшті пайдалануға дайынбыз» деп отыр.

Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро бұл әрекетті «қорқыту» деп бағалап, БҰҰ Бас хатшысына шағымданды. Ол мұны елге әскери интервенцияға сылтау жасау деп атады. Бұған жауап ретінде Венесуэла билігі Колумбиямен шекараға 15 мың әскер жіберетінін жариялады.