Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде сегіз ойын өткізеді. Төрт матч Қазақстанда өтсе, қалғаны сырт алаңда болады. Матч күндері 30 тамызда белгілі болады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алматыға «Реал Мадрид», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос» келмек. Сырт алаңда «Интер», «Арсенал», «Спортинг» және «Копенгагенмен» кездесулер жоспарланған.
Дегенмен ойындардың Алматыдағы орталық стадионда өтетіні әзірге белгісіз. Стадионның жағдайына байланысты матчтардың Астанаға ауыстырылу ықтималдығы қарастырылып жатыр.