ҰҚК дерегінше, 2025 жылғы тамызда мемлекеттік шекарада 4 610 заң бұзушы ұсталған. Олардың ішінде шекараны заңсыз кесіп өткен 39 шетел азаматы және шекараны бұзу әрекетін жасаған 25 адам бар. Бұл деректер құқық қорғау органдарына беріліп, жауапқа тарту шаралары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сонымен бірге, ай ішінде тауарлар мен жүкті заңсыз өткізуге қатысты 1 352 факті тіркелді. Оның ішінде 5 келіден астам есірткі, 47 түрлі қару мен 191 оқ-дәрі, 678 дана діни әдебиет, 18,5 мың литрден астам жанармай, 1,5 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары және дәл сондай көлемде валюта заңсыз әкелудің жолы кесілді.
Каспий аймағында 55 браконьерлік әрекет тоқтатылып, 9 қайық, 21 шақырымнан астам ау, 1,4 тонна бекіре тұқымдас балық және сирек кездесетін 19 келі балық тәркіленді.
Табиғатқа келген залал көлемі 566 млн теңгеден асты. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал 25 тамыздан бастап Алматы облысындағы «Кеген» бекеті тәулік бойы қызмет етуге көшті.