Сырдария ауданында кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден әдейі жалтарған ер адамға сот үкімі шықты. Оның қарызы 8,1 млн теңгеден асқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Т» есімді азамат 2016 жылдан бері алимент төлемей келген. Төлеуге мүмкіндігі бола тұра, ол 9 жыл бойы әрекетсіздік танытқан. Берешек сомасы 8 173 713 теңгеге жетті.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.