homepage
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері 11 тоннадан астам есірткі тәркіленді

28.08.2025, 15:22

Қазақстанда биыл 4 600-ден астам есірткі қылмысы әшкереленіп, заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам есірткі алынды. Оның ішінде 1 тоннадан астамы – синтетикалық заттар деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ дерегінше, «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысында 40 жастағы тұрғын ұсталып, ауласынан 240 келі марихуана табылды. Ұлытау облысында тағы бір азаматтан 20 келіден астам марихуана мен гашиш алынды.

Ал Қарағандыда есірткіні оңтүстіктен жеткізумен айналысқан арна анықталды: 75 жастағы ер адамның көлігінен жалпы салмағы 30 келіге жуық есірткі шыққан.

Биыл ІІМ синтетикалық есірткі жасайтын 11 зертхананы жойып, 24 тонна химиялық зат тәркіледі. Оның ішінде 6 тоннадан астамы – есірткі жасауға қолданылатын прекурсорлар.

Сондай-ақ есірткі жарнамасына қатысты 105 қылмыстық іс қозғалды, интернетте заңсыз насихат жүргізген 20 мыңға жуық ресурс бұғатталды.