homepage
Фото: BAQ.KZ

Атыраулық азамат өзінің қол-аяғы жоқ екенін жыл сайын дәлелдеуге мәжбүр

28.08.2025, 11:49

Атырауда қарт мүгедек электрлі арба алу үшін жыл сайын МӘСК-ке барып, мүгедектігін қайта дәлелдеуге міндеттеліп келеді. Оның бір аяғы мен бір қолы жоқ болса да, комиссия оны бірнеше мәрте шақырып, құжат рәсімдеуді талап еткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл жағдай бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Электрлі арбаға мұқтаж азаматтың жағдайы айқын болғанына қарамастан, комиссия мүшелері оны қайта-қайта келуге мәжбүрлейді. Бұл қарт адамның денсаулығына да, жүйкесіне де ауыр салмақ түсіріп отыр.

Әлеуметтік желідегілер мұндай бюрократиялық әрекетті қатаң сынға алды. Олар мемлекеттік мекеменің басшылығын ауыстырып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі реформалау қажеттігін атап өтті.