homepage
Фото: КазТАГ

Басты қауіп шетелдік онлайн-платформалардан туындап отыр - Қаржылық мониторинг агенттігі

28.08.2025, 10:41

Қаржы мониторингі агенттігі ел ішінде заңсыз казинолардың жұмысы тоқтатылғанын, алайда негізгі қауіп шетелде тіркелген онлайн-платформалардан келіп отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жыл басынан бері осындай платформалардың негізінен «айнасы» болып табылатын 17 мыңнан астам сілтеме бұғатталған. Агенттікке ерекше алаң тудырып отырғаны – қазақстандық төлем ұйымдарының қолдауы. Олар депозит енгізу мен қаражатты шешуге делдал болып, онлайн-казинолардың жұмысын қамтамасыз етіп келген. Бұл ұйымдарға жақын уақытта құқықтық баға берілмек.

АФМ-нің мәлімдеуінше, онлайн-казинолардың қолжетімділігі, верификация талаптарының жоқтығы және төмен ставкалары оларды аса қауіпті етеді. Мұндай ойындар азаматтарды құмарлыққа итермелеп, әсіресе жастар арасында лудомания тәуекелін күшейтеді.

Агенттік онлайн-казинолардың артында көбіне есірткі саудасынан және қаржылық алаяқтықтан түскен қылмыстық табыстар тұрғанын ескертті.