Шымкент әкімдігі Руслан Берденовтың орынбасар қызметінен кеткені жөніндегі қауесетті теріске шығарды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қала әкімінің орынбасары Сарсен Құранбектің айтуынша, Берденовті қызметінен босату туралы бұйрық жоқ.
Оның қазір ұзақ мерзімді еңбек демалысында екені, қараша айына дейін еңбекке жарамсыздық парағында жүргені хабарланды. Әкімдіктегі алдағы қызметі денсаулығына байланысты шешілмек.
Еске сала кетейік, көктемде әкімдік ғимаратының алдында Берденовке қастандық жасалып, ол ауыр жарақат алып, шұғыл ота жасалған болатын. Кейін қылмыскер Ернар Жиенбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.