Сарыарқа ауданындағы Ш.Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтер балконы өртенді. Өрт жедел сөндіріліп, басқа орын-жайларға таралмады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары оқиға орнына келіп, автосаты арқылы өртті дамымай тұрып ауыздықтады.
Министрлік тұрғындарға балкондарды киім-кешек, ескі жиһаз, қағаз және басқа да заттармен толтырмауды ескертті.