homepage
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік нысандарға 54 млн теңгеден астам айыппұл салынды

27.08.2025, 09:35

2025 жылдың басынан бері облыста әлеуметтік инспекторлар 860 тексеру жүргізіп, 405 ұйғарым беріп, 54,3 млн теңгеден астам айыппұл салды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жоспардан тыс тексерулердің бірі бірінші топтағы мүгедек Карима Ақжанның өтінішінен кейін «Қазақтелеком» филиалында өтті. Ол халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімділік мәселесіне қатысты болды. Нәтижесінде бөлімшеге ұйғарым шығарылып, ол толық орындалды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Эрманның айтуынша, соңғы жылдары әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу ісінде оң өзгерістер байқалады. Оның сөзінше, вокзалдарда лифттер орнатылып, пандустар стандартқа сай жасалған, дәретханаларда арнайы белгілер мен тұтқалар қойылған, көру және есту қабілеті нашар азаматтар үшін тактильді жолақтар мен Брайль жазуы енгізілген.