homepage
Фото: AP Photo/Alex Brandon

Трамп Ким Чен Ынмен тағы да кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді

26.08.2025, 10:45

АҚШ президенті Дональд Трамп Корея түбегіндегі бейбітшілікті талқылау үшін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен тағы да кездесу өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz Politico-ға сілтеме жасап.

Бұл мәлімдеме Трамптың Ақ үйде Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Ли Чжэ Мёнмен кездесуінен кейін жасалды.

Кездесу барысында Ли Трампты «Солтүстік Кореямен келісімге келе алатын жалғыз адам» деп атап, Корея түбегінде жаңа бейбіт кезең бастауға шақырды. Өз кезегінде Трамп «Ким Чен Ынмен кездесуге дайынмын, қарым-қатынасты жақсартамыз» деді.

Politico-ның жазуынша, Трамп биылғы жылдың соңына дейін Ким Чен Ынмен кездесуді қарастыруы мүмкін, бірақ күзде Ұлыбритания мен Қытайға жоспарланған сапарлары бар екенін атап өтті.