homepage
Фото: Inbusiness.kz

Бизнес-тренер елорда тұрғындарын 50 млн теңгеге алдап кетті

26.08.2025, 09:38

Астанада өзін бизнес-тренер ретінде таныстырған алаяқ 50 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп, 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол Instagram арқылы клиент тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын өткізген. Оқыту аяқталған соң тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, 10 пайыз табысқа уәде еткен. Алайда, қаражатты алғаннан кейін уәдесін орындамай, байланысын үзген.

Мемлекеттік айыптаушы оның 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын дәлелдеді. Сот шешімімен қылмыскер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қала прокуратурасы мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін түрмеге қамау жазасы қарастырылатынын ескертті.