homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев 8 қыркүйекте Жолдау жасайды

26.08.2025, 09:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желідбай мәлімдеді.

Жолдау жыл сайынғы маңызды саяси оқиға ретінде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын белгілейді. Президенттің бұл үндеуі Парламент депутаттарының қатысуымен өтетін бірлескен отырыста ресми түрде ұсынылады.