homepage
Фото: egemen.kz

Ұлытауда көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат ұзақ мерзімге сотталды

25.08.2025, 16:17

2019–2025 жылдар аралығында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында көкнәр тұқымын ірі көлемде сатып келген бес азаматқа сот үкімі шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, олар алдын ала сөз байласу арқылы есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, сатқан. Қылмыстық іс Ұлытау облысы полиция департаменті тарапынан Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тергеліп, сотқа жіберілген.

Жезқазған қалалық соты айыпталушыларды 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды.

Облыс прокуратурасы есірткі заттарын сақтаудың немесе таратудың қатаң қылмыстық жауаптылыққа соқтыратынын ескертті.