2025 жылғы 29–31 тамыз күндері Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы ұйымдастырылып, оған 10-нан астам елдің үздік спортшылары қатысады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Байрақты дода «Шабыт» жазғы амфитеатры маңында өтеді. Жарысқа Қазақстан, Қытай (Гонконг), Үндістан, Иран, Жапония, Сингапур және Корея Республикасының ұлттық құрамалары келмек. Алматы төрінде әлемдік рейтингтің көш басындағы Азияның ең мықты құзға өрмелеушілері бас қосады.
Үш күн бойы спортшылар «жылдамдық» және «қиындық» бағдарламалары бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді қызыққа толы жарысты тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетуге шақырды.