homepage
Фото: Massaget

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық қарияны алаяқтардың құрсауынан құтқарды

25.08.2025, 13:47

Астана қаласында ақын Тоқтарәлі Таңжарық көшеде кетіп бара жатып, телефон арқылы алаяқтардың арбауына түскен қарияны дер кезінде тоқтатып, полицияға тапсырды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ақынның айтуынша, «Керуен» сауда орталығы маңында жасы алпыстан асқан ер адам телефон арқылы «орган қызметкерімін» деген алаяқтардың нұсқауын орындап, банкке несие алуға бара жатқан. Қария бастапқыда ақынның сөзіне сенбегенімен, полиция шақырылған соң жағдайдың мәні ашылды.

Тәртіп сақшылары қарияны екі жарым миллион теңге қарызға кіріп кетуден аман алып қалды.

Оқиғаға байланысты Тоқтарәлі Таңжарық үлкендерді алаяқтардан сақтандыру қажеттігін айтып, жұртшылықты киберқылмысқа қарсы қырағы болуға шақырды. Полиция қарияны бөлімшеге алып кетіп, ары қарай тергеу жүргізуде.