homepage
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандағы мектептердің ішкі дизайны бірыңғай стандартқа көшеді

25.08.2025, 12:03

Шымкентте өткен қалалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алдағы оқу жылының негізгі бағыттарын жариялап, білім беру ұйымдарының ішкі безендіруіне бірыңғай дизайн-код енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде 100-ден астам жаңа «Келешек мектептері» арнайы брендбукке сай салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл стандарт 1300 мектепті жөндеу кезінде де қолданылады.

Келешекте дизайн-код елдегі барлық білім беру ұйымдарын қамтып, оқушыларға біртұтас орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Конференцияда Ғани Бейсембаев мұғалім мәртебесін қорғау, ата-аналар комитеттерін трансформациялау, жасанды интеллектті оқу бағдарламасына енгізу және AI-Kitap білім беру платформасын дамыту сынды бастамаларды да атап өтті.

Сондай-ақ педагогтер мен техникалық қызметкерлерге алғаш рет марапаттар табысталды.