Қостанай қаласында әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату ісі бойынша айыптау үкімі шығарылып, кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаментімен жүргізілді. Белгілі болғандай, қылмыстық топ Telegram-да «Thс Seller» атты наркошоп ашып, 2 мыңнан астам клиентке есірткі өткізген. Заңсыз айналым көлемі 100 млн теңгеден асқан. Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.
Топ мүшелері есірткі саудасынан түскен табысты дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Сот үкімімен екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.