homepage
Фото: egemen.kz

Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық пен дауыл күтіледі

25.08.2025, 09:12

Қазгидромет дерегінше, бүгін Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында қатты ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары болады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Синоптиктердің болжауынша, елдің батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Қызылорда облысының шығысында және Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көріну қашықтығын шектейді. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.