Туризм және спорт министрлігі Instagram желісіндегі «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарында өткен бағалы сыйлықтар ұтысына қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрлік мәліметінше, түсініктеме берілмеген жағдайда блогерге ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша іс қозғалып, айыппұл салынуы мүмкін.
Айыппұл көлемі жеке тұлғаларға – 100, шағын кәсіпкерлікке – 300, орта бизнеске – 500, ірі кәсіпкерлікке – 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі ықтимал. Азамат келмесе, іс сырттай қаралады.
Ведомство әлеуметтік желілерде ресми лотерея ұйымдастырушылары емес адамдар өткізетін «гивтерге» қатысудан сақ болуға шақырды.
Заң бойынша лотереяларды тек ресми операторлар мен олардың агенттері ғана өткізе алады. Министрлік мұндай күмәнді ұтыстар қаржылық шығынға және алаяқтыққа ұрындыруы мүмкін екенін ескертті.