homepage
Фото: juzmedia.kz

JAIDARMAN. MAMANCUP – жастар шығармашылығын дәріптеген ерекше жоба өз мәресіне жетті

24.08.2025, 16:35

Елордада Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында JAIDARMAN. MAMANCUP республикалық арнайы жобасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасы және қолдауымен өткен жоба Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандар жылына арналды.

Мамандардың қоғамдағы беделін арттыру, жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және қазақстандық мәдениет пен өнерді дамытуға үлес қосу – аталған шараның басты мұраты болды.

Кеш барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жайдарманшылар сахнаға шығып, еңбек адамдарының өмірі мен еңбегін әзілмен өрнектеген ерекше қойылымдар көрсетті. Әзіл мен тапқырлық тоғысқан сәттер залды күлкіге қарық қылып, жастардың дарындылығын айқын көрсетті.

Жүлде қоры

Тартысты ойында жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
    •    I орын – «Шахтерлер» (1 000 000 теңге)
    •    II орын – «Sweet» және «ҚТЖ» (500 000 теңге)
    •    III орын – «Эверест», «Шум балалар», «Абибас» (300 000 теңге)

JAIDARMAN. MAMANCUP – тек әзіл сайысы ғана емес, жастардың белсенділігін, бірлігін және шығармашылық қуатын паш еткен мәдени жоба ретінде есте қалды.

Іс-шараны Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.