Астанада Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков ұсталды. Ол 2025 жылдың көктемінде бұл қызметке тағайындалған, қазір қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz Kozachkov offside телеграм каналына сілтеме жасап.
Тергеу дерегінше, шенеунік уақытша қамау изоляторына жабылған. Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.
Бұған дейін Жүнісбеков Шымкент қаласының сәулет және жер қатынастары басқармасын басқарған. Сондай-ақ ол кадастр және құқық саласында қызмет атқарған.